сенбі, 6 шілде 2024
Саясат 6 19.12.2022 11:5

Гүлмира Сатыбалдыға қатысты тергеу ісінің бір бөлігі аяқталды

Фото: kznews.kz

Антикоррупциялық қызмет Гүлмира Сатыбалдыға қатысты екі фактісі бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Teznews.kz порталы аталмыш ведомствоға сілтеме жасап.

Антикор мәліметінше, тергеу ісінің бірі - кәсіпорындардың қатысу үлестерін заңсыз иемдену, ал екіншісі адам ұрлау фактілері еді. Жәбірленушіге келтірілген залал сомасы 6,6 миллиард теңгеден асады.

«Биыл 15 желтоқсанда қылмыстық іс айыптау актісімен бірге прокуратураға күдіктілерді сотқа беру туралы мәселені шешу үшін жіберілді. Гүлмира Сатыбалды және оның бақылауындағы «Ария-Жаңа Астана» ЖШС компаниясының басшылығы және мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары объектілерді салуға бөлінген бюджет қаражатын ұрлады деп күдіктеліп отыр» делінген хабарламада.

Тергеу сатысында мемлекетке келтірілген залал толығымен өтелді.

«Осы факт бойынша да сотқа дейінгі тергеу аяқталып, іс күдіктілер мен олардың адвокаттарына танысуға берілді» делінген Антикор хабарламасында.

Сатыбалды Гүлмираға қатысты бизнесті басып алудың және заңсыз бас бостандығынан айырудың басқа эпизодтары бойынша тергеу жалғасып жатыр.