бейсенбі, 4 шілде 2024
Шоу-бизнес 386 19.09.2023 10:24

Айгерім Қалаубаева ерекше видео жариялады

Фото: Видеодан скриншот

Әнші Айгерім Қалаубаева әлеуметтік желідегі парақшасына актер Нұрлан Әлімжанмен бірге жүрген бейнежазбасын жариялады. Өнер иелерінің биі желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті, деп хабарлайды teznews.kz порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Әнші бейнежазбаның астына "Бүгінімді жақсы көрем, Ертеңіме қарамай!" деп жазған. Желі қолданушылары екеуіне бақыт тілеп, жарасымды жұп деп жазды.

"Махаббат көздерімен қарап тұр ғой, көрініп тұр араларында бірдеңе бар екені", "Досы болса, белінен ұстап, махаббат көзбен қарамайды ғой, қойып қойған әні бәрін айтып тұр ғой", "Айта алмасаң несіне бұл махаббат", "Араларында бірнәрсе бар ма екен?","Көзқарастарында ерекше сезім бар", "Екеуінің қосылуына не бөгет болып тұр екен, жүрекпен сүйіп, көзбен ұғысқан күшті махаббат", "Айгерімнің күйеуі жоқ па еді, Нұрланның әйелі бар ма, егер жұптарымен тұрмаса, неге қосылмай жүр екен", "Таза махаббат қой, бақытты болсын!", "Жұп ретінде өте әдемі" деп жазды желі қолданушылары.