бейсенбі, 4 шілде 2024
Шоу-бизнес 118 19.09.2023 17:1

"Руслан Бөлебай болды": Нұржан Қалжан жол апаты оқиғасы жайлы айтып берді

Фото: stan.kz

Әнші Нұржан Қалжан осыдан бірнеше жыл бұрын танымал журналист Руслан Бөлебаймен бірге жол апатына түскен. Өнер иесі "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасында журналист қайтыс болған жол апаты жайлы бар шындықты айтты, деп хабарлайды Teznews.kz порталы KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап. 

"Жол апатынан қалған мойнымда тыртық бар. Негізі мойынымда бес жерден қағылған темір бар. Дәрігерлер "1-2 жылдан кейін алып таста" деген. Алайда мұны алсам да, алмасам да маған күтім керек екен. Онда несіне аламын дедім, шірімейтін темір ғой. Кедергі келтірмейді. Тек Түркістан секілді алыс қалаларға көлікпен жолға шықсам, мойыным бұрылмай қалады", - деп жан сырын ақтарды Нұржан Қалжан.

Сонымен қатар өнер иесі Руслан Бөлебай қайтыс болған жол апаты кезінде көлікті өзі басқарғанын айтты.

"Ол мәңгілік есте қалатын күн ғой. Көлік рөлінде мен болдым. Бауыржан деген жігіт, менің туған жездем, Гауһар деген журналист қыз және Руслан Бөлебай болды. Түнгі сағат 03-тердің кезі еді. Мен соқпадым. Менің көлігіме келіп соқты ғой. 

Алматыға әпкем мен жездем балаларымен келген. Қыдырып жүрміз. Содан Руслан хабарласты. Олар ертесіне Түркияға ұшуы керек. Бара алмайтынымды айтып едім, Руслан ренжіді. Сосын әпкем мен балаларын үйге қалдырып, жездем екеуіміз бардық. Оларды үйіне апарып тастайын десем, "Бауыржан деген жігітке барамыз" деді. Бауыржан деген жігіт Төле би-Розыбакиев көшесіндегі мейрамханада музыкант. Оны бір сағат күттік. Гагарин көшесімен әңгімелесіп келе жатырмыз. Жылдамдығымыз 40 қана еді. Бір кезде жаныма қарасам, бір жарық келе жатыр. Айқайлап үлгергенше, соқты. Жол полициясынан қашып келе жатыр екен.