бейсенбі, 4 шілде 2024
Саясат 9 20.09.2023 11:23

Шымкентте әкімдік қызметкері ірі көлемде пара алған

Фото: egemen.kz

Шымкент қаласында аудан әкімдігінің қызметкері бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқырғаны үшін ұсталды, деп хабарлайды Teznews.kz порталы Sputnik Қазақстан қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

Тергеу материалдарына сәйкес, күдікті өзінің лауазымдық жағдайын пайдалана отырып, қала аумағындағы көпқабатты үйлердің 150 ауласын абаттандыру бойынша сметалық құжаттамада жұмыстар мен материалдардың бағасын артық көрсеткен.

Осылайша, бюджеттің 700 млн теңгесін жымқырды. Әл-Фараби аудандық әкімдікте жұмыс істейтін лауазымды тұлға сот санкциясымен қамауға алынды.