сейсенбі, 2 шілде 2024
Мәдениет 18 27.09.2023 13:15

Ескендір Хасанғалиевтің ұлы әкесі жайлы ел білмейтін деректі бөлісті

uralskweek.kz

Қазақстанның мемлекеттік сыйлық иегері, әнші-композитор Ескендір Хасанғалиев 2021 жылы өмірден өткен болатын. Композитордың ұлы Біржан Хасанғалиев әкесі жайлы ел білмейтін деректі бөлісті.

"Көбісі білмеуі мүмкін, әкем нағашыларының қолында тәрбиеленді. Сол кісілердің атымен тарихта қалды. Негізі, туған әкесі Құбаш Ибрашев деген кісі. Ол 1942 жылы ауырып, 24 жасында қайтыс болған", - деп жазды Біржан Хасанғалиев Instagram парақшасында.

Сонымен қатар композитордың ұлы әкесі жайлы кітаптың жарыққа шығатынын айтты. "Қазіргі уақытта әкемнің өміріне және шығармашылығына арналған кітап аяқталуға жақын. Алла жазса, 2024 жылдың басында жарық көреді", - деді Біржан Хасанғалиев.