сенбі, 6 шілде 2024
Жаңалықтар 4 19.12.2022 13:35

Президент Тоқаев Қатар әмірін әлем чемпионатын сәтті өткізгенімен құттықтады

Фото: nurmedia.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниді футболдан әлем чемпионатын сәтті өткізуімен құттықтады, деп хабарлайды Teznews.kz порталы.

«@TamimBinHamad, сізді #FIFAWorldCup додасын сәтті өткізулеріңізбен құттықтаймын. Бұл турнир әлемдік футбол тарихында биік рухтың, әділ ойын мен қатарлықтардың ерекше қонақжайлығының белгісі болып қалады», - деп жазды мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында.

Еске сала кетейік, 2022 жылғы Қатарда өткен әлем чемпионатында Аргентина құрамасы жеңіске жетті.