бейсенбі, 4 шілде 2024
Саясат 11 17.10.2023 12:35

Жерге араша болған дпеутатты соққыға жықты

Сарыағаш ауданында жергілікті депутатты бір топ ер адам соққыға жыққаны айтылды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы Отырар телеарнасына сілтеме жасап.

Бұл оқиға бірнеше уақыт бұрын халық қалаулысы Руслан Насировтың жеке үйінің ауласында болған көрінеді.

Қазанның 6-сынан 7-сіне қарағанда соққыға жығылған азамат өзін кімнің ұрып-соққанын танитынын айтып отыр. Депутаттың пікірінше бұл төбелес депутаттық мандатымен тікелей байланысты. Ол  Құркелес ауылдық округінде жайлы мектеп пен стадион салу үшін бос жатқан жердің мемлекет балансына өтуі үшін атсалысқан екен. Бұдан өзге фельдшерлік-амбулаториялық пункт салу үшін жер телімінің мемлекет меншігіне өтуіне де араша түскені айтылады. Бірақ депутаттың бұл белсенділігі кейбіреулерге ұнамаса керек-ті.

«Мен оларды танимын. Олардың бірі бұрын біздің ауылда би болған кісінің інісі. Ауылда 3 гектар 70 соттық жерді стадион салу үшін мемлекет балансына алдырғанбыз. Ал олар жерді өздері ешбір құжатсыз қоршап алған. Сосын мектеп үшін жер керек болды. Бос жатқан жер еді. Бұдан өзге ауылда фельдшерлік-амбулаториялық пункт (ФАП) қажеттілігі туындады. Ақсақалдардың өтінішімен мен белсенділік етіп, жер телімін тауып, халық болып ФАП салдық. Бұл жер де әлгі адамдар иелік етуге ниеттеніп отырған жер телімі екен. Содан «Неге менің рұқсатымсыз мемлекет меншігіне бергізесің?» деп менің тарапыма «негатив» басталды. Шыны керек, ол жерлерді мен өзімнің меншігіме алған жоқпын, халық үшін жасалынған тірлік. Сол мектепте бүкіл ауылдың балалары оқиды», - деді депутат.

Тойдан үйіне оралған шенеунік үй ауласына кіре салысымен оған бірнеше ер адам оны сыртқа шақырып, тап берген. Бұл шабуыл үйдегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. 

Дегенмен жәбірленуші депутатттан әлі ешкім кешірім сұрамаған. Тіпті қысым көрсетуді де тоқтатпағанын айтады.