бейсенбі, 4 шілде 2024
Жаңалықтар 31 17.10.2023 18:43

“Бұл қадамға бару себебім отбасымды сақтап қалу” - Қарлығаш-Қуаныш

instagram/kuanysh_karlygash

Жұлдызды жұп Қуаныш пен Қарлығаш отбасындағы жаңалықпен бөлісті, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы әншілердің әлеуметтік парақшасына сілтеп.

Жұлдызды жұптардың қатарында жүрген әншілер жұрттың назарында. Қарлығаш пен Қуаныш жұбы жаңалықпен бөлісті. Әнші Қарлығаш өз орамалын шешті. Ал әншінің бұл әрекетін көпшілік қызу талқыға салды.
Әншінің өзі istagram парақшасында орамалын не себепті шешкенін айтып, ағынан жарылды. 

«Менің оқырмандарыш кешеден бері таңғалып жатыр. Иә, түсінем, маған да оңай емес, бұл енді үлкен жауапкершілік. Бірақ біз отбасымызбен үлкен жиналыс болып, үлкен осындай қадамға бардым. Бұл қадамға барудағы себебім, отбасымды сақтап қалу. Күйеуімнің рұқсатымен, жолдасым шеш дегеннен кейін маған орамалды шешуге тура келді. Жалпы, ешкімге зиянымды тигізгім келмейді,-деді әнші.