сенбі, 6 шілде 2024
Жаңалықтар 4 19.12.2022 16:11

20 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы қандай?

sn.kz

Синоптиктер 20 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды teznews.kz сайты Bugin.kz порталына сілтеме беріп.

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, атмосфералық фронтальды учаскелердің өтуімен республиканың басым бөлігінде жауын-шашын сақталады, негізінен қар, көктайғақ, қарға соғады.

«Тек елдің оңтүстігінде, шығысында, орталығында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Қазақстан Республикасының аумағында жел күшейеді, оңтүстікте, оңтүстік-батыста - тұман түседі» - , деп мәлімдеді  «Қазгидромет» РМК.

Астанада – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -8...-10°С, күндіз -4...-6°С, күндіз одан әрі төмендейді.

Алматыда – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде -6...-8°С, күндіз +3...+5°С.

Шымкентте – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел 6-11 м/с. Ауа температурасы түнде -2...-4°С, күндіз +8...+10°С.