бейсенбі, 4 шілде 2024
Саясат 5 19.10.2023 8:59

“Алтынсарин шоқынған!” - Ринат Зайытовқа ақпараттық шабуыл жасалған

Altyn-orda.kz

"Мектеп ашу үшін Ыбырай Алтынсарин шоқынған болып көрінді",-деп сұхбат берген Ринат Зайытовқа қарсы ақпараттық шабуыл жасалған, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Instagram желісінде депутат Ринат Зайытовтың сұхбатынан үзінді тараған болатын. Сұхбатта "Ыбырай Алтынсарин шоқынған!" деген сөз тараған. Алайда мәжілісмен бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

“Жұрттың Ыбырайы — Ыбырай, біздің Ыбырай — сұмырай" деп айтылған сөзді білесіз ғой. Бұл біздің Ыбырайға қатысты. Қанша тарихшылар, қанша әдебиетшілер айтса да, мен ақын ретінде айтайын, Ыбырай Алтынсаринның ряса киген суреті бар. Соны халық біле ме? Білмейді. "Бір Құдайға шоқынып, кел балалар оқылық" дейді. Кейін біз ғой, өзгертіп алған, "Бір Аллаға сыйынып" деп”, – деді ол. 

Желіде үлкен дау тудырған бұл сұхбатта ол ағартушының христиан дініне тән киім киіп, "Кел балалар, оқылық!" өлеңінде "Бір Құдайға шоқынып" деген жолдардың бар екенін айтқан. Кейіннен оны біздің жұрт "бір Аллаға сыйынып" деп өзгертіп алғанын да сөз етті. Кейіннен сұхбаттың толық нұсқасы жарияланып, әлеуметтік желідегі сұхбаттың бөлігі сұхбаттан арнайы қиылып, монтаждалғаны анықталды.

Сұхбат барысында Ринат Зайытов:

 "мектеп ашу үшін Ыбырай Алтынсарин шоқынған болып көрініп, патша үкіметін алдады",-деген.

Зайытов кесілген видеоның пайда болуы мен жаппай таралуы өзін таңқалдырмағанын айтады.