бейсенбі, 4 шілде 2024
Таным 26 19.10.2023 9:37

“Күнім сәтті өтсін” десеңіз…

Pikist.com

Әр істің өнімді әрі жемісті болуы көңіл-күйге тікелей байланысты. Көтеріңкі көңіл-күйге ауа-райы, күнделікті жұмыс кестесі, айналадағы адамдар мен кептелістің әсері мол. Денсаулығым мықты болсын десеңіз әрқашан позитивте болуға тырысыңыз.

Сондықтан Teznews.kz ақпараттық порталы жақсы әдет қалыптастыруға көмек беретін кеңестерді ұсынады. 

1. Әрқашан күлімсіреңіз. Сіз өзіңізді ыңғайсыз не нашар сезінсеңіз де, күлімсіреуді ұмытпаңыз. Бұл әрекет әрдайым қиын сәтте оңай шешім табуға әрі кез келген жағдайды түзеуге мүмкіндік береді.

2. Күн сайын кем дегенде 15 минут кітап не пайдалы ақпарат оқыңыз. Бұл сіздің миыңызды жаттықтырып, ақпаратты жадыда ұстауға көмектеседі.
Сондай-ақ, кітап оқу стресстің жағымсыз әсерін 60% азайтады. Әлемдік деңгейде жоғары сұранысқа ие психолоиялық кітаптар тізімін ұсынамыз.

3. Айналаңызға ренжімеңіз. Кез келген жағдайдан шығудың дұрыс жолын талдай бастасаңыз, шешімді таба аласыз. Адам тәртіпсіздікке бой алдырған бойда парасатты ойлау қабілетінен айырылады.

4. Сүйікті музыкаңызды жиі тыңдаңыз. Бұл депрессия мен жаман көңіл-күйге қарсы тамаша құрал.

5. Кем дегенде бір шыныаяқ су не шай ішіңіз. Шай пайдалы қасиеттерге толы: жастықты сақтайды, қатерлі ісіктен қорғайды және салмақты бақылауда ұстауға көмектеседі.