сейсенбі, 2 шілде 2024
Мәдениет 5 19.10.2023 12:10

19 қазан - Құтқарушылар күні

qazaqstan.tv

Бүгін, 19 қазан - Құтқарушылар күні. 

Адам басына қауіп-қатер төнген кезде алдымен құтқарушылар халықтың жанынан табылады. Өртсөндірушілер мен құтқарушылар қиындыққа тап болған жандарға кез келген уақытта көмек көрсетуге дайын.

Адам өмірін құтқарып, Отанды қорғауда аянбай еңбек ететін құтқарушылардың жұмысы қауырт, жауапкершілігі жоғары.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Азаматтық қорғаныс саласының қызметкерлерін Құтқарушы күнімен құттықтады:

– Азаматтық қорғаныс саласының қызметкерлерін Құтқарушы күнімен құттықтаймын! Сіздердің жұмыстарыңыз қауіп-қатерге толы әрі зор жауапкершілікті талап етеді. Мемлекет пен қоғам сіздердің антқа адалдықтарыңызды, қажырлы еңбектеріңізді жоғары бағалайды. Баршаңызға бақ-береке тілеймін! – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Х парақшасында.