бейсенбі, 4 шілде 2024
Саясат 4 20.10.2023 14:17

Қазақстанда кредит лимиті енгізілуі мүмкін

Қазақстанда енді кредиттің ең жоғары соммасы енгізілуі мүмкін екені айтылды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Бұл туралы Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігі көтеріп отыр.

Агенттіктің басшысы Мәдина Әбілқасымованың мәліметінше, елімізде ірі көлемдегі тұтынушылық несиелерді белсенді түрде беру байқалуда. Ол Парламенттік тыңдауда:

"Тұтынушылық несиелендірудің өсуіне, ең алдымен, халық сұранысының артуы да әсер етеді. Бұл тауарлар мен қызметтерді бөліп төлеуге сұраныс, тұтынушылық несиелерді кәсіпкерлік мақсатта пайдалану мүмкіндігі", - деді.

Қазақстанда жыл басынан бері кепілсіз тұтынушылық несиелер бойынша орташа қарыз 913 мың теңгеден 1 миллион теңгеге өскен. 5 миллион теңгеден асатын кепілсіз тұтынушылық несиенің үлесі қазірдің өзінде 12 % болып отыр.

"Осыған байланысты тұтыну несиесінің шамадан тыс өсуін шектеудің қосымша шарасы ретінде агенттік заңнамалық деңгейде тұтынушылық кредиттің шекті көлеміне шектеу енгізуді ұсынып отыр", - деді ол.