бейсенбі, 4 шілде 2024
Саясат 9 20.10.2023 15:45

Келер жылдан бастап әлеуметтік төлем мөлшері 7% артады

Келер жылдан бастап еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айырылғандарға әлеуметтік төлем мөлшері артады, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық хабарлайды.

2024 жылдың 1 қаңтарынан  бастап еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша әлеуметтік төлемдер мөлшері артады. Бұл қаулыға ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қол қойды.

Құжат бойынша 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттіліктен және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша тағайындалған әлеуметтік төлемдерді 7%-ға арттыру көзделіп отыр.