сейсенбі, 2 шілде 2024
Саясат 10 20.10.2023 18:12

Қазақстанның туы Грекия төрінде желбіреді

ҚР СІМ

Еліміздің көк байрағы Афинаның ең биік нүктесінде көтерілді, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Республика күніне орай Қазақстанның көк туы Афинаның ең биік нүктесінде желбіреді. Грекия астанасының тұрғындары мен қала қонақтары теңіз деңгейінен 277 метр биіктікте, Ликабеттос тауына орнатылған Қазақстан туына тамсанды.

Грекия үшін көне де қасиетті жерде Қазақстан туының көтерілуі грек және қазақ халықтарының ынтымақтастығы мен берік достығын білдіреді.