бейсенбі, 4 шілде 2024
Саясат 8 20.10.2023 18:40

Жамбыл облысындағы жарылыс бойынша екі сарбаз сотталды

Жамбыл облысындағы жарылыстың салдарынан екі сарбаз тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Жамбыл облысында әскери қоймалардың бірінде жарылыс болған еді. Төтенше жағдай бойынша екі сарбаз тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды.

«Тұранов пен Әшірбай Қылмыстық кодекстің 202 және 459-баптары бойынша кінәлі деп танылды. Қылмыстық кодекстің 202-бабының 3-бөлігінің 1,2-тармағына сәйкес, екеуіне де тоғыз жылға бас бостандығынан айыру жазасы қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтеледі. Қылмыстық кодекстің 459-бабының 3-бөлігі бойынша, олар жауапкершілікке тарту мерзімінің өтуіне байланысты босатылды», — дейді жағдаймен таныс дереккөз.

Сондай-ақ, шығын ретінде сарбаздардан 24,5 миллиард теңге өндірілмек.