бейсенбі, 4 шілде 2024
Жаңалықтар 7 20.10.2023 18:48

Жазира Байырбекова: Бізде келіндер туған күнін тойламайды

Әнші Жазира Байырбекова енесінің сөзінен кейін тұрмысқа шыққалы туған күнін атап өтпейтінін айтты, деп хабарлайды Teznews ақпараттық порталы.

Өнер иесі 85 жастағы енесінің видеосын Instagram парақшасында бөлісті.

"Жанболатты дүниеге әкелген анамыз. Енемнің жасы 85-те. "Туған күніңізді неге тойламайсыз?" деген сұраққа жауабым осы.

Келін болып түскенде апамның "Біздің ауылда келіндер туған күнін тойламайды" дегені санамда қалып қойыпты. Қазір бәрі өзгерді. Тойлаймын десек қарсы болмайды ғой. Аллаға шүкір, аналарымыздың батасымен өсіп, өніп жатырмыз", деп жазды Жазира Байырбекова.