бейсенбі, 4 шілде 2024
Саясат 7 20.10.2023 20:30

Қайрат Боранбаев колониядан шығады

Бизнесмен Қайрат Боранбаевтың жазасы жеңілдемек, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Сот оның бас бостандығынан айыру жазасын шектеу жазасына өзгерту туралы өтінішін қанағаттандырды.

Енді ол пробациялық бақылауда болады.

Үкімді ауыстыру кезінде Зеренді аудандық соты Боранбаевтың заңда белгіленген мерзімін – жазаның 1/3 бөлігін (2 жыл 4 ай 5 күн) өтегенін ескерді.

Боранбаев пробациялық бақылауда болады. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.