сейсенбі, 2 шілде 2024
Мәдениет 9 21.10.2023 18:36

Мереке күніне орай Астанада 1000 ту ілінді

Астана әкімдігі

Бас қаланың еріктілері ұлттық мереке қарсаңында қала көшелеріне 1000 ту ілді, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Бұл ақпаратпен Астана қаласы әкімдігі бөлісті.

"Астана жастары" еріктілері мемлекеттік рәмізді дәріптеу бойынша алғашқылардың бірі болып үлкен акцияны бастаған. Олар үйлерді көк байрақпен безендірген.

Бұл тек безендірілген үйлердің тұрғындарының ғана емес, астана көшелеріндегі барша жүргіншіге қуаныш сыйлайды.
Астаналықтар бұл бастаманы жылы қабылдап, акцияға қосылды.

"Мұндай көрініс ерекше әсер береді. Жұмысқа бара жатқанда осы көрініске көз жүгіртіп, еріксіз көңіл күйім көтеріледі. Менің ойымша, адамдарды күнделікті күйбең тірліктен алшақтатып, ойын бөлу керек", – деді Астана тұрғыны Тамара Суворина.