бейсенбі, 4 шілде 2024
Саясат 19 23.10.2023 10:42

Табысым артсын десеңіз кеңеске құлақ түріңіз!

orda.kz

Ақша! Ақша! Ақша! Бұл сөзді жақсы көрмейтін адам жоқ шығар, иә? Әр адам өміріне қажетті затқа оңай қолжеткізу үшін ақшасы болғанын қалайтыны жасырын емес.


Оның үстіне ақша ешқашан артық етпейді. Ал оны үнемдеп, ақылмен жұмсау көптің қолынан келмейді. Ол үшін қазір «Табысты миллионер», «Ең бай адам», «Бай болу үшін» деген тақырыпта түрлі кітаптар өте көп. Алайда көпшілік кітап оқып отырудың орнына жылдам әрекетті жаны сүйеді. Teznews.kz ақпараттық порталы ақша сүйерлер мен қаражатын бақылауда ұстағысы келетіндерге арнайы кеңеспен бөліседі. 


1.    Ақшаны басқарғыңыз келеді — оны өлшеңіз.
Сіз өзіңізге мақсат қойып, ақшаның не үшін қажет екенін шешіңіз.  Көптеген адамдар шығындар мен кірістерді есепке алу сияқты қарапайым әдетті бағаламайды. Солай көп қаражатты өзіне аса қажеті жоқ затқа құртып қояды.


2. Дүкенге сатып алу тізімімен барыңыз
Дүкендердегі маркетинг үнемі ақша табудың жаңа тәсілдерін ойлап табады. Тауарлардың  "мені сатып ал, сатып ал"деп айқайлайтын жарнамалары толып тұр. Көпшілігі дәл осы жарнамаға алданып, қажетсіз тауарды алып қояды.


3. Алдымен өзіңізге төлеңіз
Сіз табысыңыздың кем дегенде 10% үнемдеуге тұрарлық екенін естіген шығарсыз. Бірақ бұл өзіңнен аяу деген сөз емес. Сіз қаншалықты жұмыс істесеңіз соншалықты демалысқа лайықсыз.


 4. Тапқаннан аз ақша жұмсаңыз
Біз неғұрлым көп ақша тапсақ, соғұрлым көп ақша жұмсай бастаймыз. Сондықтан кірістер шығыстарға қарағанда тезірек өсуі үшін шығындар мен кірістер арасындағы тепе-теңдікті сақтау маңызды.


5. Сізде жоқ ақшаны жұмсамаңыз
Қолыңыздан келмейтін нәрсені сатып алмаңыз. Бұл қарыздар, несиелер және ысырапшылдық туралы. Әрине, сіз сыртқа шығып, өзіңізге ең жақсысын сатып алуға құқылысыз. Бірақ өз табысыңыз бен қалауыңыз сәйкес келетінін де естен шығармаған жөн.