бейсенбі, 4 шілде 2024
Денсаулық 9 23.10.2023 17:30

ДДҰ басшысы: Қазақстанды өзімнің елім деп санаймын

weforum.org

Дүниежүзлік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесус Қазақстанды өз елі деп санайтынын айтты, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы Kazinform-ға сілтеме жасап.

«Құрметті құда, құрметті Президент Қасым-Жомарт Тоқаев! Мен үшін Қазақстанға оралу зор мәртебе. Қазақстанды өзімнің елім деп санаймын», - деді Тедрос Гебрейесус сөз басында.

Кейін ол Президент пен Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятқа алғыс айтты.

«Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан алғашқы медициналық-санитариялық көмекті дұрыс дамыта отырып, халықтың әл-ауқатын көтерді», - деп тоқталды Тедрос Гебрейесус.

Дүниежүзлік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесус - ақын Жүрсін Ерманның құдасы екенін еске сала кетейік.