бейсенбі, 4 шілде 2024
Шоу-бизнес 23 23.10.2023 17:54

Әнші A.Z. соттала жаздады

Фото Press.kz

Танымал топтың бұрынғы әншісі Азамат Зенкаев адамды ұрып-соққаны үшін басы дауға қалған, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы Press.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ninety One тобының экс-мүшесі, A.Z. лақап атымен танылған Азамат Зенкаев адамды ұрып-соғып, қашып кеткені айтылады. 

Бірер ай бұрын әнші әлдекіммен дауласып, жанжал барысында жұдырық ала жүгірген.

Тоқсан бір тобының бұрынғы әншісі, рэп орындаушысы сот алдында жауап берген екен.

"Іс ҚР ӘҚБтК-нің 73-1-бабының 1-бөлігі бойынша “Денсаулықтың қысқа мерзімді бұзылуына немесе жалпы еңбекке қабілеттілігінің шамалы жоғалуына әкеп соққан денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру”,-деп айтылған.

Әнші өз кінәсін толық мойындаған. Нәтижесінде қос тарап өзара келісімге келгендіктен, іс жабылғаны айтылады.