сейсенбі, 2 шілде 2024
Мәдениет 13 25.10.2023 13:47

Мереке күні қарсаңында Алматы-Медеу жолы жабылды

Алматыда Медеу - Шымбұлаққа баратын жол жабылды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Себебі жол бойына үлкен тастар құлаған. Қазір жұмысшылар құлаған тастарды тазарту  жұмыстарымен айналысуда.

Мереке күні қарсаңында Медеу-Шымбұлақ жолындағы тас құлау салдарынан тауға шығу мүмкін болмай тұр.  Жол бойын тастан тазарту жұмыстарынан көліктер мен жаяу жүргіншілердің қозғалысы шектеледі.

Тазалық жұмыстарына 11 бірлік техника мен 50 адам жұмылдырылатыны хабарланды.