сейсенбі, 2 шілде 2024
Саясат 7 25.10.2023 17:10

Ақордаға әлем елдерінен құттықтау хаттары түсуде

Aqorda

Әлемдік көшбасшылар Мемлекет басшысын Республика күнімен құттықтады, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Мемлекет басшысын мерекемен құттықтағандардың бірі Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған құттықтады.

«Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына ұлттық мереке – Республика күніне орай шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың басшыларынан құттықтаулар түсуді жалғастыруда», - деді.

Словакия Республикасының Президенті Зузана Чапутова Тоқаевқа тұрақты, әділ және гүлденген Қазақстанды дамытуға бағытталған реформаларды жүзеге асыруда сәттілік тіледі.  

Сербия Республикасының Президенті Александр Вучич өз жеделхатында Сербия мен Қазақстан арасындағы өзара құрмет пен түсіністікке негізделген дәстүрлі достық қарым-қатынастарды атап өтті. 

Литва Президенті Гитанас Науседа, ТМД Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің Бас хатшысы Дмитрий Кобицкий, АӨСШК Бас хатшысы Қайрат Сарыбай, ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов және басқалар өз құттықтауларын жолдады.