сейсенбі, 2 шілде 2024
Технология 8 25.10.2023 17:38

Өткен айда 2000-нан астам алтын құймасы сатылған

Pics-xl / shutterstock.com

2023 жылдың қыркүйегінде қазақстандықтар 2000-нан астам алтын құймасын сатқан, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы Ұлттық Банкке сілтеме жасап.

Қыркүйек айында екінші деңгейлі банктер мен жекелеген банктік емес айырбастау пунктерінде жалпы салмағы 133,2 келі 2 609 алтын құйма сатылғаны белгілі болды.

Халыққа тазартылған алтын құймаларды сату және сатып алу бағдарламасын Ұлттық Банк 2017 жылы іске қосқан болатын. Бағдарлама қолға алынғалы жалпы салмағы 4,9 тонна 140 864 алтын құйма сатылған.

2023 жылғы қыркүйекте үш мегаполисте ең көп сатылған алтын құймалардың көлемі сатылған.