бейсенбі, 4 шілде 2024
Денсаулық 34 26.10.2023 10:22

Аягөзде өрт шығып, бір отбасының 4 баласы қайтыс болды

forumhouse

Аягөзде тұрғын үйден өрт шығып, бір отбасының 4 баласы қайтыс болды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы. 

2023 жылы 25 қазанда сағат 10:49-да Төтенше жағдайлар басқармасының күштері мен құралдарын жедел басқару орталығына Аягөз қаласында жеке үйлердің бірінде түтін шыққандығы туралы хабар түседі.

Оқиға орнына 6 құтқарушы жедел жетіп, өрттң ауыздықтауға кіріседі.

Мереке қарсаңында үйден шыққан өрт сағат 11:10-да оқшауланып, 11.24-те толық сөндірілген. 

Өкінішке орай, өрт арасынан төрт бүлдіршіннің денесі табылған. Балалар өлімінің себебі анықталуда.