сенбі, 6 шілде 2024
Жаңалықтар 4 20.12.2022 13:11

Ақтөбеде қорап ішінен нәресте өлі күйінде табылды

Фото: www.vesti.ru

19 желтоқсанда Ақтөбе қаласының көпқабатты үйдің жанынан қағаз қорапқа салынған баланың өлі денесі табылған, деп хабарлайды Teznews.kz порталы.

Polisia.kz сайтының мәліметінше, оқиға кеше сағат 22:05-те Ақтөбе қаласының Ғ.Жұбанова көшесі маңында болған. Осы іс бойынша оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберіліп, жаңа туған ер баланың мәйітін анықтады

ҚР қылмыстық кодексінің 100-бабы («Ананың жаңа туған баланы өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Ананың жеке басын анықтау үшін жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр.