бейсенбі, 4 шілде 2024
Денсаулық 6 27.10.2023 10:53

Петропавлда өрт шығып, анасы мен балалары өлі табылды

Петропавлда үйден өрт шығып, ер адам әйелі мен балаларын алып шығып үлгермеген, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы Tengri.kz-ке сілтеме жасап.

Өртенген үйден ер адам өзі шығып, әйелі мен екі баласы қалып кеткен. Енді ер адамға күдікке ілінді.

Күдіктінің айтуынша, ол 20 жастағы әйелі мен екі баласын алып шықпақ болған. Алайда артынша әйелі мен екі баласы сол үйден өлі табылғаны белгілі болды.

Ал тәртіп сақшылары жұмбақ өлім болғанын айтады. Олар әйел адам мен екі баланың өлімінің артында қылмыс әрекеті жатқан болуы мүмкін екенін айтады.

Іс «Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бабынан «Екі немесе одан да көп адамды өлтіру» бабына ауыстырылған.