сейсенбі, 2 шілде 2024
Мәдениет 9 27.10.2023 12:10

Әнші Әли Оқапов марапатқа ие болды

Талантты әнші, музыкант Әли Окапов “Құрмет” орденімен марапатталды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Республика күніне орай ҚР Президентінің Жарлығымен бір топ өнер қайраткерлері түрлі наградалармен мадақталған болатын. Соның бірі - Әли Оқапов. Ол инстаграм парақшасында оқырмандарымен қуанышпен бөлісті.

"Бүгін "Құрмет" орденінің иегері атандым! Күтпеген жағдай болды шынымен. Көп рахмет! Осы атаққа лайық еңбек етуге, артылған сенімді ақтауға барымды саламын. Құттықтауларыңызға рахмет! Басымды иемін!, – деп жазды әнші инстаграм парақшасында.