сейсенбі, 2 шілде 2024
Мәдениет 34 27.10.2023 18:7

80-ге таяған әжей тұрмысқа шығып, желіні шулатты

Кадрдан алынған

78-дегі әже өз бақытын тауып, тұрмысқа шықьы, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Әлеуметтік желіде ерекше тойдан видеолар тарады. Видеода жасы 80-ге таяған әженің тұрмысқа шығып жатқанын көруге болады. Көптің талқысына түскен бұл той ұлттық салт-дәстүрге сай өткен деседі.

"Қалыңдық" құрбылары мың бұрала би билеп, тойда көңіл көтереді.

Бұл ерекше той желі қолданушылардың назарынан тыс қалмады. Көпшілігі "қалыңдық-әжеге" бақыт тілеп, ақ-жарма тілегін білдірді:

“Әдемі қартайыпты, өз жасына ұқсамайды”, "Махаббат жасқа қарамайды", "Бұл жасымызда осылай жүрсек, қанекей".