бейсенбі, 4 шілде 2024
Жаңалықтар 11 30.10.2023 11:37

“Музарт” тобы оқырмандарын күлдіртті

"Музарт" тобы концерт алдында ерекше дайындық өткізеді, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы Stan.kz-ке сілтеп.

Қазақ эстрадасының шоқ жұлдызына айналған әйгілі "Музарт" тобының әншісі Сәкен Майғазиев әлеуметтік желіге видео жүктеп, сахна сыртындағы әншілердің дайындығын көрсетті. 

Өнердегі әріптесі Ғазизхан Шекербек “Мейрамбек Беспаевтың ел білмейтін өнері мен әзілдерін көрем десеңіздер менің парақшама өтіңіздер”, – деп елді қызықтырды. 
Видеода Мейрамбек Беспаев "дем" салса, Сәкен Майғазиев "жын" шығарып, топтағы Кенжебек "массаж" жасаған.

Жұлдызды топ видеода түрлі қылықтар жасап, оқырмандарын сүйсінтті.