бейсенбі, 4 шілде 2024
Жаңалықтар 23 30.10.2023 12:16

Ерке Есмахан қарызынан қалай құтылғанын айтты

Әнші Ерке Есмахан үйінің несиесінен құтылғанын айтып, оқырманнан сүйінші сұрады, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Ерке әнші қазір тұрып жатқан үйінің несиесін күйеуі төлеп бергенін әлеуметтік желіде айтты.

Ол қазір тұрып жатқан үйінің несиесін күйеуі төлеп бергенін айтқан.

"Әрине, тұра береміз. Бұл үйді кезінде мен несиеге алып, содан қанша жыл төлеп жүрдім. Карантин кезінде жұмыс жоқ, үйде отырып қалып қиналдым. Раимға күйеуге шығып, арқа сүйеп, жағдайым жақсарып қалды. Күйеуім несиені жауып, құжаттарды банктен алып бергенде, қуанышымда шек болмады. Шүкір! Қазір ештеңе ойламаймын, рақат. Сондықтан әзірге осы үйде тұрамыз", - деп жауап берді әнші Ерке Есмахан.