бейсенбі, 4 шілде 2024
Жаңалықтар 174 30.10.2023 13:56

“Бриллиант, жаңа айфон, техника”. Алтынай Жорабаева жолдасынан алған сыйлықпен бөлісті

Әнші Алтынай Жорабаева күйеуінің қымбат сыйлықтарын көрсетті, деп хабарлайды Teznews.kz тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, “Құрмет” орденінің иегері, әнші Алтынай Жорабаева 28 қазан күні туған күнін атап өтті. Әнші қуанышына ортақтасқандарға алғыс айтып, жазба жариялады.

Жүкті әнші жеке мерекесін жақындарымен атап өтті.

“Биылғы туған күнімде ерекше сезімде жүрмін. Жекеменшік мерекемді отбасыммен ғана атап өттім. Жан-жарым мен қыздарым қасымда. Тілек жаудырып жатқан барлық ағайынға мың алғыс”, – деді туған күн иесі.

Ол жолдасының жолдасынан 45 жасына орай нендей сыйлық алғанымен бөлісті.

“Жыл сайын ерекше сыйлықты жолдасым береді. Биыл да соңғы үлгідегі айфонды сыйлады. Осы жерде Әлішердің маған және отбасы мүшелеріне не сыйлайтынын айтып берейін: Жолдан, гастрольден келе жатсам, 9 тал раушан гүлімен күтіп алу, егер жанымда адам болса оған да үш тал раушан гүлі. Туған күнге телефон сыйлауды әдетке айналдырып алды. Жылына екі рет бриллиант, қыздарға телефон, планшет, макбук, өзінің ата-анасына қымбат техникалар, менің ата-анамның телефонын жаңарту осы кісінің мойнында. Тіпті немере-жиен, бауырларына да соңғы үлгідегі телефон, құлаққап сыйлап жатады”, – дейді әнші.