бейсенбі, 4 шілде 2024
Жаңалықтар 41 31.10.2023 10:27

"Айжұлдыздың копиясы". Қыран Талапбектің әйелі көптің сынына ұшырады

Қыран Талапбектің жары Гүлзада Тұрлаш баспанасымен таныстырды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Танымал мобилограф Қыран Талапбек жақында екінші рет үйленіп, шаңырақ көтерген болатын.

Актриса Гүлзада Тұрлаш Әлібеков ютуб арнасына берген сұхбатында Қыран екеуінің үйін таныстырды. Бейнежазбада Қыран, оның анасын және жарын көруге болады. Алайда тек Гүлзада қонаққа үйдің ішін көрсетіп, орыс тілінде сөйлеген.

Бұл сұхбат көпшіліктің ашуына тиді. Актриса, жас келін сынның астында қалды. "Қазақ бола тұра орысша неге сөйлейді? Елге құрмет қайда?", "Айжұлдыздың копиясы", "Әйелі бұрынғы мұражай қызметкері секілді", "Айжұлдызға қатты ұқсайды екен" деп пікір жазысты.