бейсенбі, 4 шілде 2024
Денсаулық 99 01.11.2023 10:33

Қайтыс болған кеншінің соңғы видеосы тарады

Ашық дереккөзден

Шахтадағы апаттың салдарынан көз жұмған марқұм кенші Ақынжан Орақбаевтың соңғы видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Журналист Айсұлтан Жақыпов шахтада қайтыс болған шахтерлердің бірінің видеосын жариялады.

Марқұм Ақынжан Орақбаевтың соңғы жүктеген видеосы. Соңында қызы қалды. Келіншегінің аяғы ауыр екен... Марқұмның жаны жәннатта шалқысын!»,- деп жазды журналист.

Еске салайық, 28 қазан күні Қарағандыдағы Костенко атындағы шахта жарылып, 46 кенші қайтыс болды.