бейсенбі, 4 шілде 2024
Саясат 8 01.11.2023 12:2

Франция президенті Қазақстанға келді

Қазақстанға Франция президенті Эмманюль Макрон келді, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Франция мемлекетінің басшысы Эмманюэль Макрон Астанаға ресми сапармен келді.

Макронды Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада ресми қарсы алды. Қос басшы бір-бірімен қол алысып амандасты.

Мәртебелі қонақтың құрметіне Ақордада құрмет қарауылы сап түзеген. Президент оркестрі екі елдің әнұранын орындады.