бейсенбі, 4 шілде 2024
Шоу-бизнес 121 01.11.2023 14:13

Әнші Рахат Тұрлыханов әйелін ұрып-соққанын мойындады

Желіде әнші Рахат Тұрлыхановтың әйелін ұрып тастағаны туралы айтылды, - деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы Kozachkov offside Telegram-арнасына сілтеп .

Жазбада:

"Қазір Рахат ән айтпаса да, әйелін ұрады. Қазанда ол әйеліне қол көтерген, оған полиция араласуға мәжбүр болды. Сотта әйелі күйеуімен татуласты, ол жазадан құтылды. Біз Тұрлыхановтың екінші әйелі туралы айтып отырмыз, олар суретте", - делінген. 

Алматының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ұрып-соғу фактісі бойынша Рахат Тұрлыхановқа қатысты әкімшілік істі қарағанын хабарлады.

2023 жылдың қазан айында Тұрлыханов үйде болған кезде жанжал шығарып, сол кезде әйелін ұрып-соғып, физикалық жәбір көрсеткен.

Сот отырысында ол өз кінәсін мойындап, істеген ісіне өкінетінін айтқан.