бейсенбі, 4 шілде 2024
Саясат 5 01.11.2023 15:39

Франция президенті қазақ мектептерінде французша оқытуды сұрады

Франция президенті қазақ мектептерінде француз тілін оқытуды қалайтынын айтты, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Эмманюэль Макрон бүгін Қазақстанға келіп, Ақордадағы шағын құрамдағы келіссөзде қазақ мектептерінде француз тілі оқытыла бастағанын қалайтынын жеткізді.

"Біз мәдени байланыстар көбірек болғанын қалаймыз, қарым-қатынасымыздың осы қырын дамытқымыз келеді. Қазіргі жағдайдан әлдеқайда алға жылжығымыз келеді", - деді президент.