бейсенбі, 4 шілде 2024
Жаңалықтар 128 01.11.2023 18:2

Қоғам белсендісі Меруерт Әйтенова Әли Оқаповты сынады

Әли Оқапов "Құрмет" орденімен марапатталғалы басы даудан айырылмады, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Соңғы уақытта "Құрмет" орденін иеленген әнші Әли Оқапов есімі қоғамда қызу талқылануда.

Атышулы журналист, қоғам белсендісі Меруерт Әйтенова да марапатқа қатысты пікір жасырып қалмады.  

Ол: 

"Халық айтады, халықтың аузын жаба алмайсың. Халық – үлкен тобыр, көміп кетеді. Әлидің маған ұнамағаны, "балама ауа жетпей жатыр, үйім тар, сондықтан да мен марапаттың барлығын қайтарып беремін" деді ғой. Сол сөзі менің құлағыма түрпідей тигені рас, мен оны жасырмаймын. Қанша реніші болса да, ол олай айтпай-ақ қою керек еді. Сол марапаттарын қорапшаға салып, аузын буып, сыртына "Әли Оқаповтың наградалары" деп жазып, кез келген музейге өткізгенде ол тып-тыныш болар еді. Қазір енді өзіне сонша жау тауып, анасы Роза Рымбаеваның атына да қаншама сөз айтып жатыр", — деп сынады қоғам белсендісі.