бейсенбі, 4 шілде 2024
Жаңалықтар 65 02.11.2023 10:43

"Ақымақ емеспін". Жахан Отарғалиев отбасы туралы айтты

Танымал актер Жахан Отарғалиев отбасы туралы айтқысы келмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Продюсер, әзілкеш, "Джохан" есімімен көпке танымал актер жары Балжан Бидашпен ажырасқаннан соң әлеуметтік желіде белсенділігін жоғалтты.  

“Достар, мен қайтып келдім. Түркияның Стамбұл қаласында ем алдым. Бір айда екі рет ота жасалды. Дәрігерлердің арқасында аман қалдым. Денсаулықты күтіп, позитив өмір сүрейік. Әлеуметтік желіні де ұмытып қалыппын”, – дейді әзілкеш-блогер. 

Ол жеке өміріне қатысты әңгімелерге де нүкте қойғысы келетінін айтты.

“Осы күнге дейін отбасым туралы әңгіме қозғамадым. Бірақ жанашыр достарым, оқырмандарым: “отбасыңды сақта, Балжанды қайтар” деп жатыр. Соларға арнап айтқым келеді: Мен отбасымды сақтап қала алмайтындай ақымақ емеспін. Балжанды үш ай бойы көндіре алмадым. Ажырасу – менің жек көретін тақырыбым. Осы күнге дейін не нәрсе істесем де, отбасым үшін жасадым. Оған да уақыт бердім. Өзгеріп, қателіктерімізден сабақ алайық дедім. Үш ай бойы қолымнан келгенін жасадым. Бірақ нәтиже болмады. Сол екі аралықта ауырып қалып, шұғыл Түркияға ота жасатуға кетіп қалдым. Ол жақта да жүрегім тыныш болмады. Сіздерге айтарым, отбасын сақтай алмайтын еркектердің қатарынан емеспін. Осыны түсініңіздер! Бір-біріміз туралы жаман ойдан аулақ болайық!”, – сөзін түйіндеді актер.