бейсенбі, 4 шілде 2024
Жаңалықтар 43 02.11.2023 16:15

"QosLike" және "Қалаулым" бағдарламаларын жабуға петиция жарияланды

Елімізде "QosLike және "Қалаулым" сияқты бағдарламаларды жабуға байланысты петиция пайда болды, деп хабарлайды Teznews.kz  ақпараттық порталы.

Бұл петицияның мақсаты - көрермен арасында хайп пен рейтингті көтеру теріс эмоция сыйлайтын бағдарламаны жабу болды.

Сондай-ақ аталған бағдарламаларда тікелей эфир барысында түрлі жағымсыз әрі этикетке жат әрекеттер мер жанжал болып тұрады. Петицияда:

Аталмыш бағдарламалар қазақ отбасындағы салауатты қарым-қатынас нормаларына, адамгершілік пен құндылықтарға қайшы келеді. Жобаларда тәрбиелік, тағылымды, мағыналық, отансүйгіштік, адамгершілікті арттыратын жағымды идеялар жоқ, - делінген мәтінде.