бейсенбі, 4 шілде 2024
Жаңалықтар 9 03.11.2023 15:40

Роза Әлқожаның “қос тойы” қатар келді

Әнші Роза Әлқожа "қос тойының" қатар келгенін айтты, деп хабарлайды Teznews.kz

Отбасындағы қуанышты жағдаймен бөліскен әнші оқырманынан сүйінші сұрады.

Оның үлкен ұлы шаңырақ көтермек. Әнші Роза Әлқожа бұл қуанышты жаңалығын "Мархабат" бағдарламасында бөлісті.

Ол 1.11 күні жеке концертін беріп, 15 қарашада ұлына үйлену тойын жасамақ.
. "Қос той қатар келді" деген әртіс бүгінде екі шараға да дайындық қызу екенін айтты.

"Осыдан алты ай бұрын концерт алып қойдық. Ешбір концертіме бұлай алдын ала дайындалмайтынмын. Бір ай қалған шақта ән жаздырып, киім тіккізіп жанталасып жүретінмін. Осы жолы алты ай бұрын дайындықты бастап кеттім. Әнімді жазып, атын "Ақмандайлым" деп қойдық. Өзім де таңғалып жүр едім. Бір ерте дайындалған концертім болды деп ойладым.