бейсенбі, 4 шілде 2024
Жаңалықтар 324 03.11.2023 15:43

Екінші рет үйленген Заңғар Нұртас өзін сынағандарға жауап берді

Жақында екінші рет шаңырақ көтерген әнші Заңғар Нұртас хейтерлерге жауап берді, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Қайрат Нұртастың інісі, әнші Заңғар кейбір оқырмандарының сынына  жауап берді:

Кейбір оқырманым маған ұстамдырақ болуға кеңес береді. «Ер азамат емессің бе» дейді. Мен үйдің кенжесімін, еркемін, енді үйімізге Индира келді, бұдан былай сол еркелейді. Дей тұрғанмен тым ұстамды болып, салқын амандассам, күлмесем, онда әлеуметтік желідегі парақшам қызық бола ма? Маған ондай ауыр сөздер айтпаңыздар, жүрегіме ауыр тиеді. Күлу, әзілдей білу де өнер ғой, – деді Заңғар.