бейсенбі, 4 шілде 2024
Жаңалықтар 74 06.11.2023 14:22

Тәуекел Мүсілім әйелінің арманы туралы айтты

Ашық дереккөзден

Тәуекел Мүсілім әйелінің арманы туралы айтты, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Қазақстандық танымал актер, тележүргізуші Тәуекел Мүсілім 2020 жылы шаңырақ көтеріп, дүркіреген салтанатты өткізуді жоспарлаған. Алайда жастардың қуанышы карантинмен тұспа-тұс келіп, шектеу шараларынан той өтпеген.

Тәуекел мен оның жары Махаббат карантиннен той күнін үш рет кейінге шегеріп, соңында мүлдем той жасамауға шешім қабылдаған екен.

"Карантин кесірінен екі-үш рет күнін ауыстырып, соңында тәуекел етпейік деп той жасамайтын болып шештік. Басында мамыр айында дегенбіз. Дайындығымыз мықты болған. Жан Мұқанов өзі ұйымдастырған еді. Той көйлегін тапсырыс беріп, мейрамхананы да таңдап қойғанбыз. Бәрін келісіп қойған соң, рұқсат берілмей қалды. Екі-үш айдан кейін ашылады ғой деп күттік. Бірақ, карантин ары қарай жалғасты. Ол кезде бәрі қатаңдай түсті. Екінші рет ауыстырдық, күзге қарай деп ойладық. Бірақ, ол кезде де ашылмады. Сосын жасамайтын болдық. Себебі, біз жасасақ ел шулап кететін еді. Махаббат ақ көйлек кигісі келеді. Қазір балалар болғаннан кейін барлық көңіліміз соларға кетіп жатыр. Бұларды аяққа тұрғызайық. Сосын мүмкін 40-50 жасымызда жасармыз" , - деді актер Тәуекел.