бейсенбі, 4 шілде 2024
Денсаулық 65 06.11.2023 16:44

Алматыда полиция қызметкері суицид жасады

Алматы облысында полицей өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, Балқаш аудандық полиция басқармасына аурухана фельдшерінен аудан орталығындағы пәтерлердің бірінде 31 жастағы полиция қызметкерінің өзіне қол жұмсағаны туралы хабарлама түскен.

Аталған факті бойынша іс тіркелді.

«Қайтыс болған азаматтың отбасында жеке проблемалары болған. Ол да қылмыстық тергеу аясында тексерілетін болады. Қазіргі уақытта істің жан-жақтылығын және объективті тергеп-тексеруді қамтамасыз ету үшін сараптамалар тағайындалып, барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде», - деп хабарлады департаменттен.