бейсенбі, 4 шілде 2024
Жаңалықтар 21 08.11.2023 13:9

Аида Балаева марапатынан бас тартқан Әли Оқаповтың әрекетіне пікір білдірді

Ашық дереккөзден

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева марапаттарынан бас тартқан әнші Әли Оқаповтың жағдайымен бөлісті, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Министр әншінің "Құрмет" орденін қайтару бойынша пікір білдірді:

"Әли Оқапов өз тарапына айтылған әлеуметтік желідегі хейтке эмоционалды түрде жауап берді. Қазір қоғамда сарапшылар қаптап кетті. Барлық жағдайға пікір білдіріп отыратындар жетеді. Сондықтан да, Әли Оқаповпен әңгімелестік. Ол аталмыш жағдайды шығармашылық адам ретінде эмоцианалды түрде қабылдады. Қазір сабасына түсіп, мәселе шешілді деуге келеді".- деді ол.