бейсенбі, 4 шілде 2024
Саясат 15 08.11.2023 13:53

Көп баласы бар аналарға жалақы төленуі керек – депутат

Ашық дереккөзден

Депутат Ерлан Сайыров көпбалалы отбасыларға қатысты мәселені Үкіметте көтерді, деп хабарлайды Teznews.kz el.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Депутаттың айтуынша көпбала санатына жататын отбасыларды мемлекет қамқорлығына алып, жәрдемақыны көбейту керек. Ерлан Сайыров:

"Сондай-ақ біз бұрыннан бері Үкімет 3 баладан көп баласы бар аналарға жалақы төлеу керек екенін айтып жүрміз. Өйткені, олар жұмыс істеп отыр. Тәрбиеші болып Қазақстанның болашақ азаматтарын тәрбиелеп отыр, - деді Сайыров.