бейсенбі, 4 шілде 2024
Жаңалықтар 5 08.11.2023 16:30

Әнші Жазира Байырбекова келіндік өмірімен бөлісті

Жазира Байырбекова алғаш келін болып түскен кезін есіне алды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Әнші Байырбекова күйеуінің ата-анасымен қарым-қатынасы туралы "Жақсы адамдарым" бағдарламасында бөлісті. Үлкен әулетке келін болған әнші жас кезінде мейірімділік пен қаталдықты қатар көргенін алға тартты.

"Мен сол кезде өзімді ер жетіп қалдым деп ойладым. Бірақ, кейін ойлап қарасам, әлі бала екенмін. Ерте не кеш шығу керек деп нақты айта алмаймын. Әркімнің бағына байланысты. Біреу ерте шығып, бақытты болып кетіп жатады. Кейбірі кеш шығып, жақсы болып кетіп жатады. Сәтіне байланысты ғой. Жалпы келінді қартаймай тұрып алып, бауырына басқан жөн. Сол отбасыға сіңіп кету үшін. Өз ойы қалыптаспай тұрып, үйренуге бауыр басуға сол дұрыс. Өзім ата-енеммен көп тұрған жоқпын. Аз тұрсам да. көп нәрсе алып шықтым. Көп дүниені үйреніп шықтым. Өзім әкемнің ерке қызы едім. Менде ата-анамнан қорқу деген болған емес. Олардың мені ұрғаны, ұрысқаны тіпті есімде жоқ. Сол күйінше мен дәл сондай ата-енеге барсам, мен бүгінгі Жазира болсам едім. Келін болып түскенде мейірімділік пен қаталдықты көріп, содан ұштасқан Жазираның болмысы шықты деп ойлаймын", - деді әнші.