сейсенбі, 2 шілде 2024
Технология 6 08.11.2023 16:52

Министр әлеуметтік желіге мониторинг жүргізілетінін айтты

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева TikTok-та бетін тұмшалайтындарға қатысты пікір білдірді, Teznews.kz ақпараттық порталы.

Әлеуметтік желіде бетін тұмшалайтындарға қатысты сұрақтар көбейген.
Министр Аида Балаева осы жағдайға қатысты БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берді.

«Біздің министрлік құзыретті орган ретінде әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізеді. Контенттерінде заң бұзу фактілері анықталса, оны құқық қорғау органдарына жібереміз. Құқық қорғау органдары ол контенттің заңға қаншалықты сәйкес екенін анықтап, заң бұзғаны дәлелденсе, іс қозғауға құқықтары бар. Жыл басынан бері әр бағыттағы 800-ден астам заң бұзу фактісі тіркелді. Оның ішінде порнографиялық мазмұндағы, есірткі таратумен байланысты, іріткі салу, жалған ақпарат сияқты фактілер бар», - деді министр.