бейсенбі, 4 шілде 2024
Саясат 11 08.11.2023 17:20

Қазақстанда газ бағасы күрт өсуі мүмкін

Энергетика министрі газ бағасының күрт өсуі мүмкін екенін айтады, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Қазақстанда сұйытылған мұнай газын тұтыну көлемі күрт өскен. Министрдің айтуынша, оған басты себеп - автомобильдерді газға ауыстыру.

"Әсіресе көліктерді әуесқой тәсілмен газ жағатын етіп қайта жабдықтау жаппай белең алды. 9 айдың ішінде сұйытылған газдың өндірісінен туындайтын теңгерім 25 пайызға артты. Бізге қосымша көлемдер іздеуге тура келіп отыр. Біз "Теңізшевройлмен" келіссөз жүргіздік. Олар ішкі нарыққа ай сайын қосымша 10 мың тонна жеткізіп тұр. "ҚазМұнайГаздың бүкіл көлемін ішкі нарыққа бағыттадық. Осының есебінен теңгерімді ұстап тұрмыз. Яғни, қазір сұйытылған газ тапшылығы жоқ. Өңірлерде жеткізуден туындаған мәселелер бар шығар. Біз осыны проблема деп отырмыз", - деді ол.